Бибисара Асаубаева – Қазақстан шахмат тарихындағы әйел арасындағы екінші гроссмейстер

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласындаSharjah Masters International Chess Championship2025 халықаралық шахмат турнирі аяқталды. Турнирге рейтингтері 2453-тен 2771-ге дейінгі 64 гроссмейстер мен 17 халықаралық шебер қатысты, деп хабарлайды Malim.kz.
Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева әйелдер арасындаең үздік нәтиже көрсетіп, қытайлық Чжу Цзиньэр(2541) мен үндістандық спортшы ДивьяДешмухтан (2469) басым түсті.
Жалпы қазақстандық шахматшылардың ішінде Эдгар Мамедов, Бибисара Асаубаева және Ринат Жұмабаев 9 мүмкін ұпайдың 5-жинап, тиісінше 24, 28 және 29-орындарды иеленді.
Айта кету керек, биыл 14 жасқа толған Эдгар Мамедов гроссмейстер атағын алу үшін қажетті нормативтерді бұрыннан орындаған еді, бұл жолғы турнирде алдында жинаған қажетті рейтинг көрсеткішінен де асып түсті.
Осылайша, Қазақстан атынан екі жаңа гроссмейстер — Бибисара Асаубаева мен Эдгар Мамедов әлемге атынлуда. Олардың атақтары ФИДЕ Президенттік кеңесінің (2nd FIDE Council 2025) алдағы отырысында ресми бекітіледі.
Фото: Спорт комитеті