Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Сұлу Бөлек

  • 12.05.2025

Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысының билігі шахматты ислам нормаларына қайшы деп танып, ресми түрде тыйым салды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі sovsport.ru-ға сілтеме жасап. 

Олардың пікірінше, шахмат – құмар ойындардың бір түрі және олардың діни сеніміне сәйкес келмейді.

Бұрынғы шахмат федерациясының атқарушы директоры Абасин Мохибидің айтуынша, кейінгі он бір айда бірде-бір ресми турнир, семинар немесе шахматқа қатысты іс-шара өткізілмеген. Көптеген федерация қызметкері елден кетіп қалған.

"Кейбір елді мекенде шахмат ойнауға толық тыйым салынды", – деді ол.

Жергілікті шахматшылар спорт департаментіне турнирлер өткізуге рұқсат беру және федерацияны қолдау туралы өтініш жасаған. Алайда оларға жарлық бар екені және осы жарлыққа сәйкес шахмат федерациясы құқықтық мәртебесінен айырылғаны, ал шахмат "харам", яғни дін тұрғысынан тыйым салынған іс-әрекет болып саналатыны хабарланған.

Ауғанстанда қазір 11 титулды шахматшы бар, олардың бесеуі – FIDE шебері, алтауы – спорт шеберіне кандидат.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

09.05.2025

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?

09.05.2025

Қытайда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

07.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?

Қытайда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

10 күнге созылатын құрлықтық додада 200-ден астам спортшы жарыс жолына шығады