Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Пальма»-дан жеңіліп қалды

«Пальма» аталған турнирде қатарынан үшінші мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді

Malim Админ

  • 05.05.2025

Испанияның «Пальма» командасы футзалдан Чемпиондар лигасы финалында  қазақстандық «Қайраттан» басым түсті.  Осылайша ол чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Ойынның 6-минутында олардың қатарынан Хесус Гордильо мергендік танытса, оған 8-минутта «Қайрат» сапынан Кайо Руис бір голмен жауап қайырды.

Одан кейін «Пальма» сапынан Лукас Машадо 18, Марио Равильос 19-минутта мергендік танытты.

Екінші кезеңде испаниялық командадан Фабиньо 23, 27, 28, 31, Нетиньо 32, Матеус Майя 37-минутта гол соқса, «Қайрат» құрамынан Дәурен Тұрсағұлов 33, Жахангир Рашит 35, Кевин Аррьета 39-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Нәтижесінде алматылық клуб қарсыласына 4:9 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша «Пальма» аталған турнирде қатарынан үшінші мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді. Олар бұдан бұрын 2022/23, 2023/24 жылдары жеңімпаз болған еді.

Ал «Қайрат» 2012/13, 2014/15 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында бас жүлдеге ие болды.

Айта кетсек, 3-орын үшін ойында Португалияның «Спортинг» клубын 3:2 есебімен жеңген Испанияның «Картахена» командасы қола медаль алды.

Бас бапкер Марлон Веласко аталған турнирде «Қайрат» сапында төмендегі шәкірттеріне сенім артты. Қақпа Деннис пен Нарун Серіковке сеніп тапсырылған. Ал ойыншылар қатарында Арнольд Кнауб, Эдсон, Жахангир Рашит, Денер, Занотто, Дәурен Тұрсағұлов, Біржан Оразов, Кайо Руиз, Отанья, Кевин Арриета, Геге, Вендел да Силва Мендес, Алиссон бар.

Фото: ҚФФ

Байланысты жаналықтар

Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

05.05.2025

«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының финалына шықты

03.05.2025

Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола жеңіп алды

02.05.2025

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағынан айырылуы мүмкін

01.05.2025

Әбиба Әбужақынова Тәжікстанда өтетін Grand Slam жарысына қатысады

29.04.2025

«Жетісу» волейболшы қыздары Азияның клубтық Чемпиондар лигасындағы тұңғыш алтын медалін иеленді

28.04.2025
MalimBlocks