DALA FIGHTING CHAMPIONSHIP халықаралық турнирінен фоторепортаж

Қазақстандық спортшылар көрерменін жарқын жеңістерімен қуантты

Мәди Саматұлы

  • 03.11.2024

Астанада DALA FIGHTING CHAMPIONSHIP халықаралық турнирі өтті. Айтулы шараға АҚШ, Египет, Үндістан, Әзірбайжан, Бразилия, Қырғызстан, Түркия және Иранның танымал жекпе-жек шеберлері келген. Турнирдің ең қызықты сәттерінен фоторепортаж ұсынамыз. 

Турнир Руслан Шаносовтың жеңісімен басталды. Ол қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

Сұлтан Қияловқа Мұхаммед Голамиді тұншықтырып тастауға жарты минут қана кетті. Бұл оның төртінші жеңісі.

Қожахмет Иманғали ирандық Саман Морадмандты арқасынан қылқындыру әдісімен жеңілуге мәжбүр етті. Ол бес жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Байрам Шаммадов екінші раундтың соңында Ержан Естановты бауырға соққымен нокаутқа түсірді. 39 жастағы қазақстандық үшін бұл мансабындағы тоғызыншы жеңіліс, сонымен қатар оның 18 жеңісі мен бір тең нәтижесі бар.

Қырғызстандық Шермұрат Калилов бір минуттың ішінде бразилиялық Тагоре Калью Дос Сантоспен жеңілмей есеп айырысты!

Аян Тұрсын мен Эдна Оливейра арасындағы кездесу өте тартысты болып, үш раундтың бәрінде оқиғаға толы болды. Барлық үш төреші бір ауыздан жеңісті қазақстандық қызға берді!

Құрбысын қолдауға келген әйгілі боксшы Назым Қызайбай көрермендер арасынан көзге түсті. 

Еркебұлан Тоқтар Dala Fighting Night турнирінің ко-мэйн ивентінде Хайсам Эльсаидты нокаутқа түсірді!

Кештің басты жекпе-жегінде Василий Тахтай ерекше жеңісімен көрермен құрметіне бөленді. Оған АҚШ-тан келген 34 жастағы Уил Чоп қарсы шықты. Сөйтіп, жерлесіміз жеңіл салмақтағы DFC жаңа чемпионы атанды.

 

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025
MalimBlocks
“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.