Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді

Олимпиаданың үш дүркін жүлдегері 2028-жылы өтетін Олимпиада ойындарына қатысатыны туралы instagram парақшасына жариялады.
Бүгін мен үшін тарихи күн де келіп жетті. Осыдан тура 1 жыл бұрын арманыма қол жеткізіп, Олимпиада чемпионы атандым. Үш Олимпиаданың әрқайсысының орны бөлек. Бірақ Париж Олимпиадасының алтыны ардайым биік болып қала береді. Қаншама маңдай тер мен еңбектің ақталған күні. Барлық марапатымның шыңы Сәтсіздіктер мен қиындықтар қатар жүрген жолды еңсерген күн. Арманға жету жолында біз көп нәрседен бас тарттық, көп нәрсені тәрк еттік, көп тәуекелге бардық. Дәл осындай қуанышты, дәл осылай арманды барлық спортшы бағындыруына тілектеспін!,- ол.
Елдос Сметов Олимпиада алтынынан кейін ғана өмірін өзіне, отбасына арнағанын жеткізді. Өз кезегінде спортшы Париждегі жеңісін 2028 жылы Лос-Анджелесте қайталағысы келетінін айтты.
Фото: ҰОК

Ең көп оқылған
