30-дан астам спорттық нысан қолданысқа берілді
Мемлекет басшысы Жолдауларында ұдайы спорт бағытын ілгерілетуді, халықтың жаппай саламатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік жасалып отырғанын айтады. Соның жарқын мысалы – қаңтар айынан бастап республикамыздың 14 аймағында 30-дан астам спорттық нысан ел игілігіне берілген.
Айта кеткен жөн, ағымдағы жылы қыркүйек айында Түркістан шаһарында барлық сапа стандартына сәйкес келетін, Opтaлық Aзия құрлығында теңдессіз саналатын ескек есу арнасы спортсүйер жұртшылыққа есігін айқара ашты. Бұл жерде халықаралық аренадағы бәсекеге толы жарыстар өтіп тұрады.
Жуырда сүйіншілі жаңалық тәмам елге тарады. Қызылорда қаласында 11 мың адам емін-еркін сиятын ірі стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оның жалпы аумағы жиырма мың шаршы метрден асып жығылатынын айтады мамандар. Тұрпаты келісті сәулет кешені Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының пәрмен беруімен іске асырылып, қолданысқа енгенін атап айту қажет. Спорттық кешенде бірнеше зал орын тепкен. Мәселен, ауыр атлеттерге, боксшылар мен тхэквондошыларға, балуандарға, спорттық гимнастикамен шұғылдануға ниетті азаматтарға тиімді мүмкіндік қарастырылған. Стадионның тағы бір артықшылығы, ерекше жандар үшін де барынша ыңғайлы етіп жасалғаны. Спорттық нысан УЕФА-ның төртінші санатына толықтай сәйкестендірілген. Аяқдоп алаңына заманауи жасанды көгал төселген. Жарықтандыру жүйесі де футбол қауымдастықтары одағының стандарттарына жауап беретіндей қауқарға ие.
Министр Е.Қуантайұлының айтуынша, 2025 жылдың аяғына дейін осы іспетті 70 нысан бой көтеріп, аймақтардың дамуына cepпін бepeді деп жоспарланып отыр.
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі