Елдос Сметовке ота жасалды

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов иығына ота жасатты. Бұл ақпаратты оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев те растады. Бұл жайында Skifnews.kz-ке сілтеп Malim.kz хабарлайды.
Елдос Сметов өзі де instagram парақшасында ауруханадағы суретін жариялады.
«Ал 2028 Лос-Анджелес күт бізді, тарих жасауға келеміз», - деп жазба қалдырды.
Бұған дейін Елдос Сметовтың жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев шәкіртінің денсаулығында емдейтін тұстары бар екенін айтқан еді.
Жеке бапкерінің айтуынша Елдос Сметов жарақатынан толық сауыққан соң 2025 жылдың соңында татамиге оралады.
Фото: әлеуметтік желі


Ең көп оқылған
