Енді мемлекеттік бюджеттен шетелдік спортшыларға қаржы бөлінбейді

Сенат бюджетті тиімді пайдалану үшін спорт туралы заңға түзетулер енгізді

Сұлу Бөлек

  • 27.03.2025

Сенат бюджетті тиімді пайдалану үшін спорт туралы заңға түзетулер енгізді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Енді қаражатты бөлу кезінде ұлттық федерациялар басымдыққа ие болады, ал кәсіби клубтарды қаржыландыру балалар мен бұқаралық спорттың пайдасына қысқарады.

Бюджет қаражатын тиімді бөлу Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Паройындарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетіні айтылды.

Жергілікті билік спорт қызметтерінің бағасын реттей алады, ал спортшыларды даярлау жаңа стандарттар және спорттық медицинаны қолдау арқылы күшейтіледі.

Сондай-ақ, шетелдік спортшыларды бюджеттен қаржыландыруға тыйым салынады, ал мемлекеттік спорт ұйымдарының басшылары үнемі ауысып отырады.

Бұған дейін не белгілі болды?

Еске салайық, бұған дейін бұл мәселені бірнеше рет депутаттар көтерді. Мәселен Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті өткізген отырыста депутат Қазыбек Иса футбол клубтарындағы легионерлер санын қысқарту керегін айтты. Депутат Нартай Аралбайұлы да осындай мәлімдеме жасады. 

Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесуде шетелдік спортшыларға азаматтық беріп, ел атынан додаға қосу тәжірибесін доғару керек екенін айтты. 

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

13.05.2025

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

13.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025
MalimBlocks