457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футбол клубтарын сатып алатын қазақстандық олигархтар анықталды

Қазақстандағы қазір мемлекетке тиесілі футбол клубтары жақын арада жеке инвесторлардың қолына өтуі мүмкін.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін мемлекеттік органдарға футбол клубтарын жекешелендіруді тапсырған еді. Премьер-министр Олжас Бектеновтің депутаттық сауалға берген жауабына қарағанда, Президент тапсырмасын орындау бойынша жұмыстар нәтижесін бере бастады.

Қазірдің өзінде футбол командаларын сатып алуға ниетті жеке компаниялар мен ірі бизнес өкілдері табылған.

– «Орталық Азия жанармай-энергетикалық компаниясы» АҚ (Сергей Кан) «Қызыл-Жар» клубын сатып алуға қызығушылық білдірді; Freedom Finance (Тимур Турлов) «Шахтер» клубына арналған жаңа стадион мен академия салуды көздеп отыр. Kaspi Group (Михаил Ломтадзе) – «Жеңіс» клубын сатып алып, Астанада футбол инфрақұрылымын дамытуға ниетті. TAU GROUP LTD (Ислам Қозбақов) «Қайсар» клубын сатып алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ «Тараз», «Елімай» және «Ертіс» клубтары бойынша да келіссөздер жүріп жатыр. Процесті жеделдету үшін Үкімет 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру жоспарын жаңартып, құжатты мемлекеттік органдармен келісу кезеңінде, - делінген Премьер-министрдің жауабында.
Әзірше клубтар әлі сатылмаған, сондықтан олар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып отыр. 2025 жылға футболға 34,9 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 31,8 млрд теңге – кәсіби клубтарға, 3,1 млрд теңге – балалар және бұқаралық спортқа бағытталған.

Алайда бұл қаражаттың жұмсалуы мұқият тексеріліп жатыр.

– 2021-2025 жылдар аралығында жүргізілген аудит нәтижесінде 12-ден астам тексеріс өтті. 100-ден астам заңбұзушылық анықталды, оның ішінде артық смета, қайталанған қызметтер мен тиімсіз шығындар бар. «Ақтөбе» және «Қызыл-Жар» клубтарында сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған. Мысалы, Ақтөбе облысының прокуратурасы 250 млн теңгеден астам қаржының мақсатсыз жұмсалғанын анықтады. Оның ішінде ойыншыларға негізсіз бонус төлеу мен мердігерлердің бағаны көтеріп көрсетуі бар, - деп жазылған ресми жауапта.
Еске салайық, бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов Туризм және спорт министрлігіне тез арада Алматы тау кластерін дамыту жоспарын жаңартуды және футбол клубтарын жекешелендірудің жоспар-кестесін әзірлеуді тапсырғанын хабарлағанбыз.

 Фото: Kazinform

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00