Ильиннің допинг ішкені рас, Алексей Ни Қазақстаннан қашып кетті – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Ол әлем чемпионатына бір жыл қалғанда допинг ішетіндерін растады.

Сабина Асқарқызы

  • 02.08.2024

Ауыр атлетикадан қазақтан шыққан тұңғыш Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы Алмас Өтешов допинг дауынан кейін спорттан қол үзді. Қазір Алматыда күзетші болып жүр. Ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында допингке қатысты мәселені ашып айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Допинг деген дәрі жоқ. Аспирин ішсең де ол допинг болып саналады. Бірақ оның ішінде тестостерон бәрін салады. Допингті тексеретіндермен біздің министрлік келіседі. Бізді тексеруге келгенде біздің орнымызға бауырларымыз тапсырады. Мысалы менің інім, Ильиннің ағасы тапсырды. Өйткені олардың қаны таза», - дейді спортшы.

Ол әлем чемпионатына бір жыл қалғанда допинг ішетіндерін растады.

«Препарат көп – тестостерон, пропианат, тернобол, таблеткалар, гармональды таблеткалар. Онсыз көтере алмайсың. Мысалы таза өз ағзаммен 200 келі көтерем болды. Анау препараттардың бәрін ішіп, 230 келі көтере аламын. Илья Ильиннің де допинг қабылдағаны өтірік емес. Бәріміз допинг қабылдадық. Дәріні өзіміз болып ішпейміз. Медициналық жауапты маман, аға бапкер, бас бапкер бар. Солар бізге береді. Бәріне кінәлі Алексей Ни. Соны соттау керек. Ол қазір Қазақстанда емес», - дейді Алмас Өтешов.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

26.05.2024

Ильиннің рекорды бұзылды

29.11.2020

Қазақстанда өтетін чемпионат Өзбекстанға ауыстырылды

18.02.2020
MalimBlocks
Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Әлем чемпионаты Лимада өтіп жатыр

Ильиннің рекорды бұзылды

Қазақстанда өтетін чемпионат Өзбекстанға ауыстырылды