Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Әлем чемпионаты Лимада өтіп жатыр

Мәди Саматұлы

  • 26.05.2024

Ауыр атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Нұрдос Сабыр Лимада (Перу) әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, 89 келіге дейінгі салмақта оған тең келер ешкім болмады. Қоссайыс бойынша зілтемірші 333 (148+185) келі көтерді.

Екінші орын Валерик Мовсесянға (Армения) бұйырды – 329 келі. Бекзод Гофиржонов үшінші нәтижені көрсетті – 324 келі.

Айта кетейік, Сабыр былтырғы әлем чемпионатында екінші болған.

Бұл чемпионатта Қазақстан құрамасының еншісінде екі жүлде бар. Бұған дейін 67 келі салмақ дәрежесінде Ақжол Құрманбек күміс алған болатын.

Фото: ҰОК

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Кирилл Герасименконы Қазақстанның абсолют чемпионы атағымен құттықтады

25.03.2025

Шавхат Рахмонов 19 жеңісіне қол жеткізді

08.12.2024

Шавхат Рахмонов Иан Гэрримен жекпе-жек алдында көз арбасты (ВИДЕО)

07.12.2024

ҚПЛ-2024: «Қайрат» – ел чемпионы!

10.11.2024

DALA FIGHTING CHAMPIONSHIP халықаралық турнирінен фоторепортаж

03.11.2024

Шавхат Рахмонов желтоқсанда Біләл Мұхаммедпен жекпе-жекке шығатын болды

13.10.2024
MalimBlocks
Тоқаев Кирилл Герасименконы Қазақстанның абсолют чемпионы атағымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кирилл Герасименконы үстел теннисінен Қазақстанның абсолют чемпионы атағына ие болуымен құттықтады

Шавхат Рахмонов 19 жеңісіне қол жеткізді

Ол ирландиялық қарсыласын төрешілер шешімімен жеңді

Шавхат Рахмонов Иан Гэрримен жекпе-жек алдында көз арбасты (ВИДЕО)

Жекпе-жек ертең өтеді

ҚПЛ-2024: «Қайрат» – ел чемпионы!

Алматылықтар чемпиондықты үш жылдан кейін қайта иеленді

DALA FIGHTING CHAMPIONSHIP халықаралық турнирінен фоторепортаж

Қазақстандық спортшылар көрерменін жарқын жеңістерімен қуантты

Шавхат Рахмонов желтоқсанда Біләл Мұхаммедпен жекпе-жекке шығатын болды

Оны жеңсе Қазақстаннан шыққан алғашқы UFC чемпионы атанбақ