Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына жіберілген Үміт атты жолбарыс жаңа ортаға бейімделіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Мамандар оның жағдайын GPS-мониторинг, фототұзақтар және далалық бақылау арқылы қадағалауда.
Экология министрлігінің мәліметінше, Үміт тоғайлы аумақтарды, су маңындағы жерлерді және жабайы жануарлар мекендейтін учаскелерді зерттеп жүр.
Ал Амур есімді аталық жолбарыс әзірге мамандардың бақылауында. Қазір оның мінез-құлқына қатысты сынақтар жүргізіліп жатыр. Зерттеу нәтижесіне қарай мамандар оны табиғи ортаға қашан жіберу керектігін шешеді.
Сондай-ақ жолбарыстың екі күшігі арнайы жабдықталған вольерлерде өсіп жатыр.
Еске салайық, тамыз айының басында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тарихи оқиға болды. Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет табиғи мекеніне Амур жолбарысының Үміт атты аналығы жіберілген еді.
Осы тұста 2026 жылғы мамыр айында Ресей Федерациясының қолдауымен Қазақстанға табиғи ортадан ауланған төрт Амур жолбарысы жеткізілгенін айта кетейік. Олардың екеуі ересек (аналық Үмет пен аталық Амур), ал қалған екеуә 6-7 айлық екі жолбарыс.