freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте Тоқтар Төлешовпен байланысты компанияның үйі аукционға қойылды

Қоғам
Шымкентте Тоқтар Төлешовпен байланысты компанияның үйі аукционға қойылды
Фото: sauda.e-qazyna.kz

Шымкентте бұған дейін сотталған кәсіпкер Тоқтар Төлешовпен байланысты болған компанияның үйі саудаға шығарылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Нысанның бастапқы бағасы 240,2 млн теңгені құрайды. Алайда аукцион барысында оның құны 40 млн теңгеге дейін төмендеуі мүмкін.

Жылжымайтын мүлік Желтоқсан көшесінде орналасқан. Лот құрамына жалпы ауданы 314,5 шаршы метр болатын екі тұрғын үй, жапсаржай, жертөле және сарай, сондай-ақ көлемі 6,44 сотық жер учаскесі кіреді. Аумақта бассейн де бар.

Сатушы әрі баланс ұстаушы ретінде «Дархан Group» ЖШС көрсетілген. Компания әр жылдары Тоқтар Төлешовпен байланысты болған. Ал 2021 жылдан бері оның қатысушылары қатарында Қазақстан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті көрсетілген.

Бұл ретте нысанның аукциондағы бастапқы бағасы оның бағалау құнынан едәуір жоғары. «S&T Капитал» компаниясының 2026 жылғы маусымдағы есебіне сәйкес, мүлік 80,1 млн теңгеге бағаланған. Ал саудаға ол 240,2 млн теңге бастапқы бағамен шығарылып отыр.

Аукцион 27 тамызда голландиялық әдіспен өтеді. Яғни сауда барысында баға төмендетіледі. Кепілдік жарна көлемі – 12 млн теңге. Лоттың ең төменгі бағасы 40 млн теңге болып белгіленген.

Айта кетейік, Тоқтар Төлешов – бұрынғы Шымкент сыра зауытының иесі. Осыған байланысты оны «сыра королі» деп атаған.

2016 жылы сот оны билікті күшпен басып алуға әрекет жасау, қылмыстық топ құру және оған басшылық ету және басқа да ауыр қылмыстар бойынша 21 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуге үкім шығарды.

2017 жылы Төлешов салық төлеуден жалтарғаны үшін де сотталып, мемлекетке 1,4 млрд теңгеден астам қаржы төлеуге міндеттелді. Қазіргі уақытта оның қорғаушылары қылмыстық заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып, Төлешовтің әрекеттерінің құқықтық саралануын қайта қарауды талап етіп отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу