Түркістан облысында полиция формасын киіп, TikTok-та әдепсіз би билеген блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде видеоны анықтаған. Тексеру барысында роликтің авторы Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны Арайлым Жиенбаева екені белгілі болды.
Видеода бойжеткен полиция қызметкерінің формасын киіп, әдепсіз қимылдармен би билеген.
Оқиғаға құқықтық баға берілді. Сот шешімімен блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.
Полиция өкілдері қызметтік форманы әлеуметтік желіде назар аударту немесе танымалдық жинау үшін пайдалануға болмайтынын ескертті.
Құқық қорғау органдары заң талаптарын бұзған әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғанын да атап өтті.