freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Халықтың сүйікті әртісі": Жүсіп Ақшораға қатысты қуанышты хабар тарады

Қоғам
"Халықтың сүйікті әртісі": Жүсіп Ақшораға қатысты қуанышты хабар тарады
Жүсіп Ақшора. Фото: Malim.kz

Қазақ әзіл-оспақ өнерінің белгілі өкілі Жүсіп Ақшора арнайы марапатқа ие болды. Өнер иесіне "Халықтың сүйікті әртісі" медалі табысталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл мемлекеттік награда емес. Марапатты "Intelligentno Qu" жобасы аясында жас әзілкештер мен қазақтілді контент өкілдері арнайы ұйымдастырған.

Жоба өкілдері Жүсіп Ақшораның қазақ юморы мен сахна өнеріне сіңірген еңбегін жоғары бағалап, оған арнайы медаль мен куәлік тапсырды. Сонымен қатар актердің иығына дәстүрге сай ақ шапан жабылды.

Жүсіп Ақшора өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, өнердегі буындар сабақтастығы мен аға буынға деген сыйластықтың маңызын атап өтті.

Айта кетейік, Жүсіп Ақшора көпшілікке "Шаншар" әзіл-оспақ театрындағы түрлі образдары арқылы кеңінен танылған. Оның сахнадағы кейіпкерлері мен әзілдері көрерменнің есінде қалып, қазақ әзіл-оспақ өнерінің дамуына үлес қосты.

Сондай-ақ журналист Нұрсейіт Жылқышыбай белгілі актерлер Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораның өнердегі еңбегі әлі күнге дейін лайықты бағасын алмай келе жатқанын айтып, көпшілікке ой салған еді.

Жүсіп Ақшора кім?

Жүсіп Ақшора – қазақ театр сахнасы мен әзіл-оспақ өнерінде өзіндік орны қалыптасқан актер. Ол 1960 жылы 4 қарашада Түркістан облысының Қызылтаң ауылында дүниеге келген.

1977 жылы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепті аяқтап, кейін Жетісай мәдени-ағарту техникумында білім алған. Оқу орнын 1981 жылы тәмамдағаннан кейін еңбек жолын өнер саласында жалғастырды.

1981-1983 жылдары Жетісай қазақ сазды драма театрында қызмет етіп, кәсіби сахнадағы алғашқы тәжірибесін жинады. Ал 1985-1993 жылдар аралығында Шәуілдір ауылындағы балалар мен жасөспірімдер клубында түрлі қызмет атқарды. Бұл жылдары ол мәдени-көпшілік жұмыстарға араласып, шығармашылық тәжірибесін шыңдады.

Жүсіп Ақшораның өнердегі кеңінен танылған кезеңі "Шаншар" әзіл-сықақ театрымен байланысты. 1994 жылдан бастап ол Уәлибек Әбдірайымовпен бірге сахнаға шығып, көрерменге көптеген әзіл-сықақ қойылымдарын ұсынды.

Қос өнерпаздың сахнадағы шығармашылық үндестігі қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігін, мінез-құлқын және қоғамдағы түрлі құбылыстарды әзіл арқылы жеткізуімен ерекшеленді. Жүсіп Ақшора сомдаған образдар табиғилығымен және ұлттық болмысқа жақындығымен көрерменнің ықыласына бөленді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу