23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарын сайлау күні Астана қаласының қоғамдық көліктері тегін қатынайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.
City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, тегін жол жүру келесі бағыттарда қолжетімді:
- Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;
- қалалық бағдарларда;
- экспресс-бағдарларда;
- қала маңы бағдарларында.
- Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады, - деп атап өте компаниядан.