freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Антикор" қызметкерімін": Түркістанда алаяқтар медицина ұйымынан 15 млн теңге талап еткен

Құқық
"Антикор" қызметкерімін": Түркістанда алаяқтар медицина ұйымынан 15 млн теңге талап еткен
Фото: ҚМА

Түркістан облысында өзін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ретінде таныстырған екі адам медициналық ұйым басшысын қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, одан 15 млн теңге талап еткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдіктілер медициналық ұйымда заң бұзушылықтар анықталғанын айтып, оның басшысын қылмыстық жауапкершілікке тартумен қорқытқан. Ал ақша берген жағдайда жауапкершіліктен босатуға уәде берген.

Күдіктілер басшыдан 15 млн теңге талап етіп, оның 5 млн теңгесін алып үлгерген. Кейін қалған 10 млн теңгені беруді талап еткен.

8 тамызда Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Қаржылық мониторинг агенттігінің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп жүргізген жедел операция барысында күдіктілерді қылмыс үстінде ұстады.

Сот олардың екеуіне де қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды қырағы болуға шақырды. Агенттік қызметкерлерінің жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатуға уәде беріп, ақша талап етуі заңсыз екенін ескертті.

Осындай жағдайға тап болған азаматтар Қаржылық мониторинг агенттігінің 1458 Call-орталығына хабарласа алады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу