457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Конференция лигасы: «Астана» Молдованың «Зимбру» командасын жеңді

UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде бүгін қазақстандық «Астана» сырт алаңда Молдованың «Зимбру» командасын жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.


Алғашқы кездесуде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірген еді. Сондықтан бүгінгі ойында жеңіске жеткен команда жарысты жалғастыруға мүмкіндік алатын. 

Қазақстандық команда алғашқы минуттан шабуылға көбірек көңіл бөлді. Нәтижесінде олардың қатарынан Джеффри Чинеду 18-минутта есеп ашса, Усман Камара 21-минутта басымдықты арттырды.

Екінші кезеңде молдовалық клуб таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен діттіген мақсатына жете алмай жатты. 

Осылайша «Астана» сырт алаңда қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, үшінші іріктеу кезеңіне шықты.

Енді елордалық команда «Вардар» (Солтүстік Македония) және «Лозанна» (Швейцария) жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Бұл ойындар 7 және 14 тамыз күндері өткізіледі. 

Дәл қазір «Ақтөбе» екінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Чехияның «Спарта» командасымен қарымта кездесуі өктізіп жатыр. Алғашқы ойында қазақстандық команда аталған қарсыласынан 2:1 есебімен басым түскен еді.

Фото: «Астана» футбол клубы