Конференция лигасы: «Тобыл» сырт алаңда оңбай ұтылды

«Тобыл» клубы қарымта матчты 1 тамызда өткізеді.

Сабина Асқарқызы

  • 26.07.2024

Қостанайдың «Тобыл» клубы УЕФА-ның Конференция лигасына іріктеуде Швейцарияның «Санкт-Галлен» клубынан оңбай жеңілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қарсыластар екінші іріктеу раундының аясында кездесті. Алғашқы ойын Швейцарияда өтіп, алаң иелерінің жеңісімен аяқталды – 4:1. «Санкт-Галлен» сапынан Михайло Стеванович (35-минут), Бастьен Тома (77), Шадрак Аколо (39) мен Альберт Вальчи (90+7) мергендік танытса, «Тобыл» клубына бір голды Вальчидің автоголы сыйлады (28).

Қарымта матч 1 тамыз күні Қостанайда өтеді. Екі матч қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған клуб Конференция лигасының үшінші іріктеу раундында Латвияның «Ригасымен» немесе Польшаның «Шленск» командасымен кездеседі. Жеңілгені еурокубокты аяқтайды.

«Тобыл» Еуропа лигасында өнер көрсетіп, іріктеу раундында Словакияның  «Ружомберок» клубына 3:5 есебімен жол берді.

Фото: «Тобыл» ФК

Байланысты жаналықтар

Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

06.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

24.04.2025

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

20.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025
MalimBlocks
Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады