Бүгін қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды, деп хабарлайды Malim.kz.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген.
Ол 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. Осы кезде авиация саласындағы ерен еңбегі үшін Тоқтар Әубәкіровке «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.
Бүгінде оның есімі қазақтың тұңғыш ғарышкері ретінде ел тарихында мәңгі сақталады.
Бүгін - Тоқтар Әубәкіровтің мерейжасы