«Қазгидромет» 2026 жылғы 27 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктер Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның барлық 17 облысында қолайсыз ауа райы күтілетінін ескертті.
Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл және екпінді жел болжанып отыр. Кей өңірлерде ауа температурасы +40…+42°C-қа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Қолайсыз ауа райы күтілетін өңірлер:
● Атырау облысы – жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 15–18 м/с.
● Қарағанды облысы – жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел 15 м/с-қа дейін, шығыс пен оңтүстікте төтенше өрт қаупі.
● Ұлытау облысы – жел 15 м/с, аптап ыстық +35…+38°C, төтенше өрт қаупі.
● Маңғыстау облысы – Ақтауда желдің екпіні 15 м/с.
● Ақмола облысы – аптап ыстық +35°C, жоғары және төтенше өрт қаупі.
● Батыс Қазақстан облысы – жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, жел 15–20 м/с.
● Ақтөбе облысы – шаңды дауыл, жел 15–18 м/с, жоғары өрт қаупі.
● Жетісу облысы – жаңбыр, найзағай, жел 17–22 м/с.
● Қызылорда облысы – шаңды дауыл, +40…+42°C аптап, төтенше өрт қаупі.
● Абай облысы – жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, желдің екпіні 23 м/с-қа дейін.
● Қостанай облысы – +35…+37°C аптап, жоғары және төтенше өрт қаупі.
● Шымкент – солтүстік-шығыс желі 15–20 м/с.
● Түркістан облысы – шаңды дауыл, +40…+41°C аптап, жел 25 м/с-қа дейін.
● Алматы қаласы – тауда жаңбыр мен найзағай, жел 15–20 м/с, төтенше өрт қаупі.
● Алматы облысы – таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай, +35°C аптап, жел 15–20 м/с.
● Жамбыл облысы – тауда жаңбыр, найзағай, жел 23 м/с-қа дейін, төтенше өрт қаупі.
● Шығыс Қазақстан облысы – қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, тұман, жел 23 м/с-қа дейін.
● Солтүстік Қазақстан облысы – тұман, жел 15–20 м/с.
● Павлодар облысы – жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, жел 15–20 м/с.
Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтап, алыс жолға шығарда ауа райы болжамын ескеруге кеңес беріледі.