freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Екібастұзда пәтерден әйел адамның мәйіті табылды

Оқиға
Екібастұзда пәтерден әйел адамның мәйіті табылды
Depositphotos

Екібастұз қаласында әйел адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Әуезов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Пәтер есігін полицияның жедел-құтқару жасағының қызметкерлері бұзып ашқан.

Пәтер ішінен зорлық-зомбылық белгілері бар әйел адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады, – деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаменті.
Ведомство Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайтынын атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу