freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Бурабай» ұлттық паркінде орман өртенді

Қоғам
«Бурабай» ұлттық паркінде орман өртенді
Фото: ТЖМ

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Көкшетау тауының екі қарама-қарсы беткейінде орман төсеніші мен өсімдік жамылғысы өртенді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД, «Бурабай» МҰТП және «Қазавиаорманқорғау» РМКК-ның 150-ден астам қызметкері мен 17 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ ТЖМ-нің Ми-8 тікұшағы 15 мәрте су төгіп, жалпы 75 тонна су шашты.

Қазіргі уақытта өрттің бір ошағы толық сөндірілді. Екінші ошақ оқшауланып, оны «Бурабай» ұлттық паркінің мамандары бақылауда ұстап отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына найзағайдың түсуі себеп болған. Зардап шеккендер жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу