Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына билет сату ресми түрде басталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазір жанкүйерлер Olympic Hospitality бағдарламасы арқылы арнайы билетке арналған топтамаларды сатып ала алады.
Ал 2027 жылы барлық көрерменге арналған ресми билет сатылымы іске қосылады. Сондай-ақ пайдаланылмаған билеттерді қауіпсіз сатып алуға мүмкіндік беретін ресми қайта сату платформасы ашылады.
Ең арзан билеттің бағасы -28 доллар. Билеттердің басым бөлігі 200 доллардан аспайды.
Олимпиада ойындары 2028 жылдың 14-30 шілдесі аралығында АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді.