freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тур де Франс салтанаты

Әлем
Тур де Франс салтанаты
https://velolive.com/

Париждегі әйгілі Moulin Rouge кабаресінің бишілері биылғы Tour de France веложарысының мәресін ерекше шоуға айналдырды. Француздың дәстүрлі канкан биін билеген өнерпаздар Елисей алаңына жиналған мыңдаған көрерменнің қошеметіне бөленді. Бұл көрініс әлеуметтік желілерде кең тарап, халықаралық БАҚ-тың назарын аударды.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қойылым Францияның мәдени мұрасын әлемге танытуды көздейді. Биылғы Тур де Франс финалын көруге Парижге жүздеген мың турист келген. Олар жарыспен қатар француз мәдениетінің символына айналған өнер ұжымының өнерін тамашалады.
Сарапшылардың пікірінше, спорт пен мәдениетті ұштастыру Францияның туристік тартымдылығын арттыратын маңызды құралға айналып келеді. Тур де Франс әлемдегі ең көп көрілетін спорттық жарыстардың бірі саналады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу