freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық журналист Baku Media Open-2026 турнирінде жеңімпаз атанды

Спорт
Қазақстандық журналист Baku Media Open-2026 турнирінде жеңімпаз атанды
Фото: Бек Төлеуов

Баку қаласында үстел теннисінен БАҚ өкілдері арасында өткен халықаралық Baku Media Open-2026 турнирінде қазақстандық тележурналист Қырмызы Жандос чемпион атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әзірбайжан Республикасы Жастар және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі жарысқа Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия және Грузия елдерінен 50-ге жуық журналист қатысты.

Қазақстан құрамасы сапында белгілі спорт журналисі, Beksports.kz порталының бас редакторы Бек Төлеуов, «Қазақстан тарихы» порталының жетекшісі Алтынбек Құмырзақ және тележурналист Қырмызы Жандос өнер көрсеткен болатын. 

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қырмызы Жандос барлық қарсыласын жеңіп, турнирдің алтын жүлдесін иеленді. Қазақстандық журналист жарыс барысында алты кездесу өткізіп, барлығында басым түсіп, үздік нәтиже көрсетті.

Турнир жеңімпазы Қырмызы Жандос халықаралық додада ел намысын қорғаудың үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

«Бұл мен үшін ерекше әсерге толы жарыс болды. Халықаралық турнирде Қазақстанның намысын қорғап, еліміздің Әнұранын шырқату – үлкен мәртебе. Қарсыластардың барлығы тәжірибелі әрі мықты болды, сондықтан әр ойынға барынша жауапкершілікпен дайындалдым. Осындай деңгейдегі жарысты ұйымдастырған Әзербайжан Республикасы Жастар және спорт министрлігіне алғысымды білдіремін. Бұл жеңіс – тек менің ғана емес, Қазақстан журналистерінің ортақ жетістігі деп есептеймін», - деді Қырмызы Жандос.

Қазақстандық журналистердің халықаралық турнирдегі табысты өнері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби қызметпен қатар спортты да серік етіп, салауатты өмір салтын насихаттауға қосып жүрген үлесін көрсетті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу