Көшпенділер ойындары «Ұлы дала жорығынан» басталады

Бес күндік бәйгеде командалар 500 шақырым қашықтықты бағындырмақ

Malim Админ

  • 27.08.2024

Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында V Дүние­жүзілік көшпелілер ойындары марафон-бәйгеге сайысымен бас­талады.


 «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі 3 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Ботай қонысынан басталып, 7 қыркүйек күні Астана қаласында мәреге жетеді. Бес күндік бәйгеде командалар 500 шақырым қашықтықты бағындырмақ.

Халықаралық марафон-бәй­геге бірнеше мемлекеттен үз­діктер келмекші. Оған еліміздің 9 командасы қатысып, бағын сынайды. Ұйымдастыру алқасы дүбірлі аламанға қатысуға ниет танытқан командаларды тіркеу аяқталғанын мәлімдеді. «Joryq» ат спорты федерациясының пре­­зиденті Бақытжан Тұрлы­беков халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің басты мақсаты – ұмыт болып, тіпті жойылудың аз-ақ алдында тұрған қазақы жылқы тұқым­дарын қайта жаңғыртып, олардың әлеуетін халықаралық деңгейде насихаттау екенін жеткізді.

– «Ұлы дала жорығы» жоба­сының негізгі бағыттарының бірі – қолтума жылқылардың екінші тынысын ашу. Үш жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп жүрген марафон-бәйге өз нәтижесін беріп отыр. Бүгінде осы жорықтың арқасында қол­тума жылқылардың бағасы бір­неше есе артты. Қазақы жыл­қы тұқымын асылдандырып, мал басын көбейтуге ықылас та­нытушылардың да шоғыры қалыңдап келеді. Бұған дейін атсүйер қауым арасында «бәй­ге аты», «көкпар аты» деген ұғым-түсінік кең таралса, енді ол қатарға «жорық аты» деген де теңеу қосылды», дейді Б.Тұр­лыбеков.

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі Ас­танада өтетін Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының із­ашар шарасы болмақ. Сонымен қатар өзге мемлекеттерден ке­летін қатысушылар көшпелі бабаларымыздан қалған өрке­ниеттің бүгінге жеткен үлгісін осы жорықтан пайымдайды.

Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік көшпелілер ойын­дарына 89 елден 2 мыңнан аса спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады деп жос­парланып отыр. Этноспорт до­дасының бас демеушісі – «Alageum Electric» компания­сы, бас серіктесі Halyk Bank. Дүниежүзілік көшпелілер ойындары 2014 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді.

Фото: Ұлттық спорт федерациясы 

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025
MalimBlocks
“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды