457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» пен «Реал» негізгі құрамын жариялады

Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы алдында қос клуб та өздерінің бастапқы құрамын жариялады.

«Қайрат» құрамында алаңға шығатындар:
Шерхан Қалмырза (қақпашы) – Луиш Мата, Александр Мартынович (капитан), Егор Сорокин, Еркін Тапалов – Офри Арад, Дамир Қасаболат, Александр Мрынский, Валерий Громыко – Жоржиньо, Дастан Сәтпаев.

Қосалқы құрам ойыншылары: Диас Реймов (қақпашы), Бахтияр Алдашев (қақпашы), Лев Кургин, Александр Широбоков, Әділет Садыбеков, Олжас Байбек, Юг Станоев, Гиорги Зария, Эдмилсон, Рикардиньо.
Бас бапкер: Рафаэль Уразбахтин.

«Реал Мадрид» құрамында алаңға шығатындар:
Тибо Куртуа (қақпашы) – Фран Гарсия, Давид Алаба, Дин Хейсен, Рауль Асенсио – Орельен Чуамени, Дани Себальос, Арда Гюлер – Винисиус Жуниор, Франко Мастантуоно, Килиан Мбаппе.

Қосалқы құрам ойыншылары ойыншылар: Андрей Лунин (қақпашы), Хавьер Наварро (қақпашы), Альваро Каррерас, Давид Хименес, Федерико Вальверде, Эдуарду Камавинга, Джуд Беллингем, Родриго, Гонсало, Браим Диас, Эндрик.
Бас бапкер: Хаби Алонсо.

Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңін сырт алаңда «Спортингтен» 1:4 есебімен ұтылып бастады. Ал «Реал» өз алаңында «Марсельді» 2:1 есебімен жеңді.

Бүгінгі кездесу 30 қыркүйек күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 21:45-те басталады.

Фото: әлеуметтік желі