Қазақ тілі – қасаң тіл емес

Malim Админ

  • 12.04.2021

Қазір қазақ тілінің мол мүмкіндігін кеңінен пайдалана алмай келеміз. Қазақ тілі қасаң тіл емес. Мемлекеттің жүргізіп отырған тіл саясаты да осы қасаңдықпен күресіп келеді. Осы орайда біз геграфиялық терминдерге қатысты бір-екі ауыз сөз айтпақпыз.

Қазақ топонимикасында халықтық географиялық терминге айналып кеткен бірқатар атаулар бар.  Оларға шөл, шөлейт, қыр, қырат, төс, төскей,  асу, бел, жон, жота, ой, төбе, адыр, шоқы, жыра, өзек (оронимдер) т.б. жатқызамыз. Мақалада осы атаулардың ара-жігі ажыратылып, сөзжасамдық ерекшеліктері көрсетілген. Халықтық географиялық терминге айналған атаулардың қолданысы мен сыр-сипаты жайында мәлімет берілген.

Әрбір жер-су атауы халықтың атакәсібімен, сан ғасыр бойы ұстанған өмір салтымен етене байланысты. Жер-су аттарының қойылуына жер бедерінің ерекше белгілері әсер етеді. Нәтижесінде әрбір атау келесі ұрпаққа сол жер жайлы ақпаратты хабарлап отырады. Адам баласы, оның ішінде қазақ баласы өзінің туып-өскен жеріне, ат беріп, айдар тағуда керемет шығармашылық дарынымен көзге түседі. Эпитеттік, метафоралық қолданыстағы атаулар, әр табиғат ісінен шыққан жаратынды дүниенің ерекшелігін дөп басып, халықтың аңғарымпаздығын дәлелдейді. Сондай-ақ, әрбір жер-су атауының тарихы, қойылу себебі бар. Өзен атаулары ағысына, тереңдігіне байланысты қойылып отырған – Быжы, Көксу, Ақсу, Шарын т.б. Мәселен, Шарын атауының этимологиясына көз жүгіртсек: «Көне түркі тілінде чаран сөзі арынды, тасқынды, екпінді, қарқынды өзен дегенді білдіреді. Атау қойылған заманда бұл өзеннің ағысы қазіргідей баяу емес, тасқынды, қатты да арынды болған. Қазіргі уақытта өзеннің бұрынғы арнасы тік жарларға айналған» [1].

Шөл – өзен-суы жоқ, жауын-шашын аз жауатын қуаң дала. Қазақтың шөлді жерлері – Бетпақ дала, Мойынқұм, Қарақұм, Қызылқұм және т.б.  Кейде шөл мен шөлейт синоним ретінде қолданылады. Бұл екі сөздің географиялық термин ретінде өзара айырмашылығы бар екенін О.Жанәділдің «Физикалық географияның терминдері мен ұғымдары» атты еңбегінен біле аламыз. «Шөл – климаты өте құрғақ, өсімдігі әрі жұтаң, әрі сирек аумақтар. Түсетін жауын-шашыннан ондағы буланушылық ондаған есе артық болады. Ал Шөлейт – қоңыржай белдеудегі дала мен шөлдің аралығындағы өтпелі аймақ» [2]. Шөлейт – шөл сөзінен шыққан. Төс пен төскей, қыр мен қырат/ қырқа, бел мен белес те дәл осындай, бірінен бірі өрбіп шыққан. Бұл атаулар түбірге ейт, кей, ат/қа, ес (шөл + ейт, төс + кей, қыр + ат/қа, бел + ес) жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалған. Бұл жұрнақтар бірлі-екілі сөздерге ғана жалғанатын, өнімсіз жұрнақтар тобына жатады. Сондай-ақ өзі жалғанған сөзге кішірейткіш мән үстейді. Сондықтан шөлейт, төскей, қырат/қырқа, атаулары шөл, төс, қыр сөздеріне қарағанда әлсіздеу (шөлейт), кішілеу деген мағынаны білдіреді. Біздің бұл пікірімізді Б.Бияров та қуаттайды. Ғалым бет-беткей, төс-төскей сөздеріндегі -кей жұрнағында кішірейту реңк беретін мағына басым жатыр дейді. Сондай-ақ қыр-қырат/қырқадағы (ат, қа) қосымшалары табиғи нысанды кішірейтетін реңк үстейтінін тілге тиек етеді [3]. «Сөз аяғындағы -қай (кей, ақай//екей) қосымшасы бір кезде түркі-моңғол тілдеріне ортақ болған да, түркі тілдерінде бұл өлі жұрнаққа айналған. Мәселен, бұл жұрнақтан түркі тілдерінде сол+ақай, оң+қай, күн+гей, теріс+кей, дең+гей, төс+кей т.б. сөздер жасалған» [4; 63 б].

Аталған халықтық орографиялық терминдер тау гиперонимінің гипонимдік қатарын түзеді. Бұл жайында ғалым Қ. Рысберген: «Тау – жер бетінен көтеріңкі рельеф түріне жататын орографиялық термин. Тау тектік-гиперонимдік терминінің лексика-семантикалық өрісіндегі түрлік – сеңгір, құз, шың, жал, жон, жота, қыр, қырат, бел, белес, асу, биік, дөң, төбе, шоқы, заңғар, кезең сынды халықтық орографиялық терминдердің гипонимдік қатарын түзеді» дейді.

Тау термині Айыртау, Алатау, Ақтау, Басқантау, Бөлектау, Мұзтау, Жамантау т.б. сынды оронимдер құрамында вербалданады.

Тас – таудың қатты жынысы, соның үлкенді кішілі бөлшектері, Керегетас, Сандықтас, Көктас, Жартас, Ақтас, Таскезең т.б. оронимдер құрамында вербалданады;

Төбе – дөңгелене біткен биіктеу дөң жер, Ақтөбе, Желтөбе, Көктөбе, Төбеқұдық, Төбесу, Кіндіктөбе, Жуантөбе, Аралтөбе т.б. оронимдер құрамында вербалданады;

Жота – таудың арқасы, жоны, созылған дөңес жерлері, биіктігі әртүрлі келген (үлкен, кіші, биік, аласа) қыр, қырқа, қырат, Ұзынжота, Көкжота, Белжота, Жолжота, Жоталы сынды топонимдер құрамында вербалданады;

Шоқы – таудың, төбенің ең биік жері, ұшар басы, оқшау төбе, Қарашоқы, Ақшоқы, Көкшоқы, Жетішоқы т.б. вербалданады;

Кезең – жолдың таудан не жотадан асып түсетін қырындағы түйетайлы аласалау жері, Айыркезең, Кезеңащы сынды т.б. атауларда вербалданады;

Биік – заңғар, асқар таудың басы, Ақбиік, Биіктас түрінде вербалданады;

Жал – ұзына бойы енсіз келген көлбеу қырат, жер бедерінің бір түрі, қырқа сілемі, жон-жота, адыр, Қаражал, Айғыржал т.б. топонимдерде вербалданады;

Жон – арқа, ту сырт, жота; беткейлері көлбеу, етегі айқын шектелмеген, бір бағытта созылып жатқан қырат» [5; 197 б].  

Асу – тау жотасының өтуге қолайлы аласа жері, белес.

Бел – жонда, қырда, жалда, адырда болатын жадағай кең асу. Яғни асудың бір түрі.

Белес – ұзынша, дөңестеу боп жатқан белең, бел, жон, жота.

Қыр – аласа таулардың, үстірттің ұзына бойына созылып жатқан биік жері, жал.

Қырат – жер бетінің маңайындағы жазықтан оқшау көтеріліп жататын алқап. Абсолют биіктігі 200 м-ден 500 м-ге дейін барады.

Қырқа – қатарласа созылып жатқан бел-белес, адыр.

Адыр – бір-біріне ұласып, тұтасып жатқан белесті, дөңесті жер.

Үстірт – үсті тегіс немесе белесті, маңайындағы жазықтардан жарқабақпен оқшауланып тұратын қыраң жазық.

Қия – таудың, төбенің т.б. тік құлама беті.

Шоқы – таудың, төбенің, жотаның ең биік жері, ұшы.

Жыра – жаңбыр, қар суы жырып кеткен терең жер, сай-сала.

Өзек – жауын және қар суынан пайда болған ені тар, кішірек сай» [6].

Бұл аталған халықтық географиялық терминдер әбден қалыптасып, орныққан. Көптеген ғылыми еңбектерде, БАҚ-та көрсетілген мағынасында қолданылады. Топонимдер жер бедерінің кескін-келбетін, табиғи ерекшеліктерін дәл атайды. Сонымен қатар олар жергілікті халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасынан да мәлімет береді. Сондықтан да жер-су атаулары ұлттық таным мен халық тұрмысының ажырамас бөлігі.  

 

Мадияр Арстанбаев, №114 ЖББМ КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Әдебиеттер

  1. Сен білесің бе? – Аруна баспасы, 2017. – 714 б. – энциклопедия
  2. О. Жанәділ. Физикалық географияның терминдері мен ұғымдары. –Алматы: «Дәуір-Кітап» баспасы, 2014. – 86 б.
  3. Б. Бияров. Жер-су аттарының сөзжасамдық үлгілері. – Алматы: 2012. – 460 б.
  4. А. Әбдірахманов. Топонимика және этимология. – Алматы: 1975.
  5. Қ.Қ. Рысберген. Ұлттық ономастиканың лингвокогнитивтік негіздері. – Алматы: Дайк-Пресс, 2011. – 328 б.
  6. https://sozdikqor.kz/
Байланысты жаналықтар

Танымал әнші әйелінің қазақша сөйлегісі келмейтінін айтты

11.11.2024

«Қалжыңымды түсінбесе, менікі дұрыс болмағаны». Черчесов айтқан сөзіне түсініктеме берді

19.10.2024

«Құрылыста істесін»: ресейлік комментатор Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған журналисті сынады

18.10.2024

Бас бапкер Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні мазақ қылды

14.10.2024

Қазақстан азаматтығын алатындарға қазақ тілін білу міндеттелді

14.10.2024

Ринат Зайытов заң жобасын орыс тілінде таныстырған шенеуніктерге ренжіді

17.09.2024
MalimBlocks
Танымал әнші әйелінің қазақша сөйлегісі келмейтінін айтты

Бүркіт 14 жылдан бері әйеліне қазақша үйрете алмай жүргенін жасырмады

«Қалжыңымды түсінбесе, менікі дұрыс болмағаны». Черчесов айтқан сөзіне түсініктеме берді

Ол қазақша сұрақ қойған журналиске қалжыңдаймын деп дауға қалған болатын

«Құрылыста істесін»: ресейлік комментатор Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған журналисті сынады

Комментатор мұны іріткі салушылық деп атады.

Бас бапкер Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні мазақ қылды

Қазақстан азаматтығын алатындарға қазақ тілін білу міндеттелді

Ринат Зайытов заң жобасын орыс тілінде таныстырған шенеуніктерге ренжіді