Magnum-ға қатысты дауға нүкте қойылды

Курьер мен тапсырыс беруші бір-бірімен кездескен.

Сабина Асқарқызы

  • 10.04.2025

Magnum дүкендер желісінің курьері мен шағымданушы арасындағы дауға нүкте қойылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Cебебі Асылхан есімді тапсырыс беруші мен Еркін есімді курьер бір-бірімен кездесіп, бір-бірінен кешірім сұраған.  

Соңғы күндері әлеуметтік желіде маған және Magnum-ға қатысты әңгіме болып жатыр. Соны түсіндіріп кетсем деймін. Алдымен баршаңызға қолдау үшін рақмет айтамын. Өмір болған соң кейін түсінбестік болып тұрады. Бірақ бәріміз қазақпыз ғой. Елімізге тыныштық пен татулық керек. Біз кездесіп, татуласып, қол алыстық, деді Еркін.

Ол аталған дүкендер желісінде жұмысын жалғастырып жатқанын алға тартты.

Бәрі жақсы, жұмыс берушіге ешқандай шағым жоқ. Осымен мәселеге нүкте қойып, тоқтасақ деймін. Бәріміз бір қазақпыз. Үлкен рақмет, деп қосты Еркін.

Асылхан да қателігін түсінгенін алға тартты.

Қадірлі ағайын! Мұндай жағдайдың болғаны өкінішті. Қатемізді түсіндік. Ал екеуіміздің бір-бірімізге ешқандай өкпе-ренішіміз жоқ. Баршыңызға рақмет, деп айтты ол.

Фото: facebook.com/mukan.shynggys

 

Байланысты жаналықтар

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

«Құқығым бар»: Қорғаныс министрінің орынбасары қазақ тілінде жауап беруден бас тартты

27.02.2025

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

08.02.2025

Танымал әншінің әйелі өлең оқып, қазақ тілін үйреніп жүргенін көрсетті

20.01.2025

Курьерлерде енді медициналық кітапшасы болуы керек

06.01.2025

"Ұжым қазақша сөйлеуге міндетті емес" деген кофехана жабылды

09.12.2024
MalimBlocks
Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

«Құқығым бар»: Қорғаныс министрінің орынбасары қазақ тілінде жауап беруден бас тартты

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

Бұл білім беру бағдарламалары қайта қарауды талап етеді

Танымал әншінің әйелі өлең оқып, қазақ тілін үйреніп жүргенін көрсетті

Желі қолданушылары төртінші сәбиін күтіп жүрген Аишаға жылы лебіздерін білдірді

Курьерлерде енді медициналық кітапшасы болуы керек

Тапсырыс жеткізушілерге жаңа талаптар бекітілді

"Ұжым қазақша сөйлеуге міндетті емес" деген кофехана жабылды

Қазір кофехана уақытша жұмыс істемейді