457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

2025 жылғы хоккейден әлем чемпионатының алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Норвегия командасымен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Олег Болякин ойынға келесі құрамды шығарды: қақпада – Павленко (Амирбеков), қорғаушылар – Орехов-Данияр См., шабуылшылар – Михайлис-Шестаков-Старченко; Бекетаев-Гайтамиров, Панюков-Лихотников-Асетов; Метальников-Королёв, Савицкий-Өмірбеков-Колесников; Волков-Михайлов, Қайыржан-Мұхаметов-Муратов.

Бірінші кезеңде норвегиялықтар Йоханнес Йоханнесеннің шайбасының арқасында алға шықты.

Екінші кезеңде қазақстандықтар көпшілік құрамда есепті теңестірді – Роман Старченко көзге түсті.

Барлығын шешкен соңғы жиырма минут болды. Атап айтқанда Владимир Волков жеңіс шайбасын соғып, есепті 2:1-ге жеткізді.

Турнирдің екінші матчында Қазақстан енді Германия құрамасымен кездеседі.

Фото: Sports.kz