Қазақстан азаматтығын алған кениялық жеңіл атлет Азия чемпионы атанды

Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.
Нора Джеруто 3000 метр қашықтыққа кедергілер арқылы жүгірудің финалында жеңіске жетіп, мәреге 09:10.46 уақыт көрсеткішімен келді.
Екінші орынды үндістандық Паул Чаудхари (09:12.46), ал үшінші орынды қазақстандық Дейзи Джепкемей (09:27.51) иеленді.
Сондай-ақ Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Елизавета Матвеева күміс жүлдеге ие болды.
Матвеева биіктікке секіру сайысында екінші нәтиже көрсетті. Оның ең үздік көрсеткіші – 186 сантиметр.
Бұл жарыста алтын медаль Үндістан атлеті Пуйи Пуйиге бұйырды – 189 сантиметр. Сонымен қатар өзбекстандық Сафина Садуллаева да 186 сантиметрмен екінші орынды Матвеевамен бөлісті.
Бұған дейін басқа қазақстандық жеңіл атлет Дейзи Джепкемей Азия чемпионы атанған еді.
Фото: ҰОК

Самое читаемое
