457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан Өзбекстандағы Challenge кубогында үш медаль жеңіп алды

Ташкент қаласында спорттық гимнастикадан Challenge кубогының кезеңдік финалдары өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Ерлер арасында қоссырықта өнер көрсеткен Ілияс Әзізов 13.100 ұпай жинап, екінші орын алды. Ал Дмитрий Патанин осы жаттығуда үшінші орынға көтеріліп, 12.700 ұпаймен қола медаль иеленді. Бұл жаттығуда жеңіс 13.550 ұпай жинаған Өзбекстандық Ахрорхон Темірхоновқа бұйырды.

Қыздар арасында бөрене жаттығуында Көркем Ербосынқызы 12.100 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл санатта алтын медаль 13.300 ұпай жинаған Алжирлік Кайлия Немурге бұйырды, ал екінші орынды 12.500 ұпаймен жарыс иесі — Өзбекстандық Одинахон Робиджонова иеленді.

Фото: olympic.kz