457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 41 алтын жеңіп алды

2024 жылғы 10-24 мамыр аралығында Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен U22 Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Барлық салмақ бойынша бақ сынаған 50 спортшының 48-і жүлдемен оралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қорытынды бойынша Қазақстан құрамасы 41 алтын, 6 күміс және 1 қола медаль еншілеп, жарыстың абсолютті көшбасшысы атанды. Бұл – ел тарихындағы ең сәтті көрсеткіштердің бірі.

ТОП-3 мемлекет:

Қазақстан – 41 алтын, 6 күміс, 1 қола

Тәжікстан – 3 алтын, 4 күміс, 6 қола

Қырғызстан – 3 алтын, 10 күміс, 10 қола

23 елдің спортшылары қатысқан додада Қазақстан құрамасының басымдығы айқын көрінді. Бұл нәтиже – еліміздегі спортшыларды дайындау жүйесінің даму деңгейін және бапкерлер құрамының кәсіби еңбегін дәлелдейді.

Фото: Спорт комитеті