Қазақстандық теннисші сенсация жасап, әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп кетті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Malim.kz.
Турнирдің екінші кезеңінде Бублик әлемдік рейтинг көшбасшысы, италиялық Янник Синнерді 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіп шықты.
Осылайша ол жуырда «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында Синнерден алған жеңілісінің қарымтасын қайтарды.
Бублик Синнерді мансабында екінші мәрте жеңіп отыр. Осылайша Александр топ-10 теннисшілерін 13-рет жеңіп отыр.
Биылғы маусымда ол төрт теннисшіні тізе бүктірді. Атап айтқанда ол Синнерден бұрын Мадридте Андрей Рублёвті, ал «Ролан Гаррос» турнирінде Алекс де Минор мен Джек Дрейперді жеңген болатын.
Галледегі турнирдің ширек финалында Бублик чех теннисшісі Томаш Махачпен кездеседі.
Фото: ҰОК

Ең көп оқылған
