Қонаевқа ескерткіш орнатылмайды

Malim Админ

  • 27.10.2020

Мемлекет қайраткері Дінмұхамед ҚОНАЕВҚА ескерткіш орнатылмайтынын Алматы облысы мәдениет басқармасы хабарлады. Өйткені әлеуметтік желіде көп сөз болған ескерткіш ешбір рұқсат қағазсыз орнатыла бастаған екен.

Бұл  Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысына ескерткіш мүлдем қойылмайды деген сөз емес. Ескерткіш авторлары алдымен комиссия алдында жобаларын қорғауы керек.

«2020 жылдың 15 қазан күні ескерткішті орнату бойынша барлық құжаттарды облыстық комиссия мақұлдап, мемлекеттік комиссияға жөнелткен.  20 қазан күні әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік комиссиядан рұқсат алмаған ескерткіштің орнатылғаны жайлы хабар тарады. 21 қазанда арнайы топ Балқаш ауданына барып, өз ескертпелерін айтып, жұмысты тоқтатты. Енді Балқаш аудандық әкімдігі ескерткіштің эскизін облыстық комиссияға басынан бастап ұсынуы қажет», - деді облыстық мәдениет басқармасы.

Қазнетте көпшіліктің сынына ұшыраған ескерткішті Д.А. Қонаев атындағы «Сауап» әлеуметтік-қайрымдылық қоры және Балқаш аймақтық «Д.А. Қонаев 100 жылдығы» қоры Бақанас ауылында  орнатпақшы болған.

MalimBlocks
Мұхтар Мағауин. ЖҰМАБЕК ТƏШЕНОВ

Бауыржан - шовинистік жүйенің құрбаны