«Құс қанаты» кезіндегі «Көшпенділер қаласы»
Наурыз айының ортасынан бастап ауа райы айнымалы келеді. Бірде қыстың суығы үрлесе, бірде көктемнің лебі еседі. Жыл құстары да осы кезде орала бастайды. Сондай кезде жауатын қарды ертеректе қазақтар «құс қанаты» деп атаған. Бұл айнымалы шақты «бесқонақ» деп те атайтын болған.
Іле өзенінің Қапшағай көлінен төменгі ағысы бойында жатқан көне қала макеті алматылықтарға жақсы таныс. Тарихи фильмдерді түсіру үшін қамал түрінде салынған қалашық бұл күнде туристер үшін көрнекі орынның біріне айналған. Алғаш «Көшпенділер» фильміне арналып салынған бұл мекенді көпшілік «Көшпенділер қаласы» атандырып жіберген. Баратын жолы тайғақ, лайсаң болса да туристер «құс қанаты» кезінде де «Көшпенділер қаласына» баруын тоқтатқан емес.
«Көшпенділер қаласының» қамалы.
Қамал ішіндегі есіктердің бірі.
«Көшпенділер қаласындағы» базар орнын тамашалап тұрған турист
Қабырғаға қойылған асқабақ. Бұл асқабақтар фильм кезінде базардағы өнім ретінде қойылады.
Қамал каркасы
Қамал ішінде ұлттық киіммен билеп жүрген туристердің бірі
«Көшпенділер қаласының» ту сыртынан түсірілгендегі көрінісі. Қамал жанына киіз үй де тігілген.
Қамал іргесіндегі киіз үйдің ішкі көрінісі
«Көшпенділер қаласының» батыс жағынан қарағандағы көрінісі.
Қамалды тамашалауға келген туристердің бір тобы Қазақстанның туын көтеріп тұр.
«Құс қанаты» кезінде Іле өзені жағасына жауған қар.
Іле өзенінің арғы жағасында «Таңбалы тас» тарихи кешені бар. Алайда оған барушы аз. Тарихи құны болмаса да «Көшпенділер қаласына» келуші көп. Оған кіру құны жан басына – бір мың теңге. Алайда бұл бағаны кім, қандай негізде бекіткені белгі