Қысқы көкпар көріністері (фоторепортаж)

Қуанышбек ҚАРИ

  • 03.02.2021

Орталық Азия елдерінде коронавирус пандемиясы ресми түрде былтыр наурыз айында анықталды. Бұл елдер көпшілік жиналатын шараларға, соның ішінде көкпарға да тыйым салды. Кейін біртіндеп шектеу аясында болса да көкпар тартуға рұқсат етілді.  Қазақстанда кейбір аудандарда жергілікті әкімшілік тарапынан пандемияға байланысты көкпарға шектеу қойылған. Кейбір жерде мүлдем тыйым салынса, кейде аз адаммен ғана көкпар өткізуге болады.

Алматы түбінде өткізілген көкпардың бірі.

Көкпаршының салым салған сәті. Ойын ережесі өзгерген соңғы үш жылдан бері сайысқа қатысушылар көкпарды бұрынғыдай қазандыққа емес, алаңда белгіленген арнайы нүктеге тастайды.

Көкпар тартуға оқталған палуандардың бірі. Көкпарда ерекше көзге түскендерді көпшілік «палуан» атандырған. Олар шыныққан шымыр келеді.

Командалық көкпар. Мұндайда көкпаршылар екі топқа бөлінеді.

Жалпы көкпар. Мұнда көкпаршылар командаға бөлінбей, әркім өзі жеке тартады.

Жалпы көкпардағы тартыс сәті.

Көкпардың қызған сәті.

 Көкпарға жаратылған үш түрлі ат.

Ересектер көкпар кезінде үзіліс жариялаған сәтте балалар мен жасөспірімдер «кіші көкпар» тартады. Оларға көтеріп, тартуғы ыңғайлы ішіне  тұз салынған қап беріледі.

Тәжірибелі көкпаршының бірі топтан бөлініп шығып, мәреге шауып барады.

Көкпардың қыза келе күн батқанға дейін созылатын кездері болады.

Байланысты жаналықтар

Неміс баласы Николай командалық көкпарға қатысқысы келеді

24.03.2023

Ұлттық спорт қауымдастығының Алқа отырысы өтті  

27.01.2023

Ұлттық спорттың оңалуы. 2022 жыл несімен есте қалды?

24.12.2022

«Құс қанаты» кезіндегі «Көшпенділер қаласы»

31.03.2021

«Мұзжыраның» бейнесі қалай өзгерді?

26.03.2021

Ұлттық спорт түрлері мектептен басталуға тиіс

10.03.2021
MalimBlocks
Неміс баласы Николай командалық көкпарға қатысқысы келеді

Николай Наурыз мейрамына орай тосын сый алды

Ұлттық спорт қауымдастығының Алқа отырысы өтті  

Қазақстанның көшпелі мәдениеті мен имиджін шетелде дамытуды  көздейтін жоспарлар бар

Ұлттық спорттың оңалуы. 2022 жыл несімен есте қалды?

Ұлттық спорт жанашырлары мен жанкүйерлері үшін биыл олжалы жыл болды деп айтуға болады.

«Құс қанаты» кезіндегі «Көшпенділер қаласы»

«Мұзжыраның» бейнесі қалай өзгерді?

Ұлттық спорт түрлері мектептен басталуға тиіс