Қысқы универсиадаға Қазақстаннан 103 спортшы қатысады

Арман Қайыпхан

  • 06.01.2025

Қазақстандық студенттер құрамасы Туриндегі ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиадаға қатысады, деп хабарлайды Malim.kz.

2025 жылғы 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиада өтеді.

XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиадаға әлемнің 57 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысады. Жарыс барысында спорттың 11 түрінен 90 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, еліміздің намысын 10 спорт түрінен (биатлон, шаңғы жарысы, қысқы спорттық бағдарлау, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей (ерлер, әйелдер), парашаңғы жарысы, тау шаңғысы жарысы, шорт-трек) 103 спортшы қорғайды.

Дүниежүзілік ХХХІІ қысқы универсиаданың салтанатты ашылу рәсімі 13 қаңтар күні сағат 19:30-да Турин қаласындағы «Inalpi Arena-да» өтеді. Жабылу рәсімі 2025 жылғы 23 қаңтарда сағат 20:00-де өтеді.

Халықаралық университеттік спорт федерациясының (FISU) жарыс кестесіне сәйкес, жарыстар 2025 жылғы 11-23 қаңтар аралығында өтеді.

Айта кету керек, Қазақстан құрамасы ең үздік нәтижесін 2017 жылы Алматыда өткен универсиадада көрсетіп, жалпы медаль есебінде екінші орынға ие болған еді. Сол кезде қазақстандық спортшылар 36 медаль (11 алтын, 8 күміс және 17 қола) жеңіп алды.

2023 жылы Қазақстанның студенттік құрама командасы АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен XXXI Дүниежүзілік қысқы универсиадаға қатысты. Құрама 10 спорт түрінен (биатлон, шайбалы хоккей (ерлер), шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, трамплиннен секіру, конькимен жүгіру спорты, сноуборд, тау шаңғысы спорты) өнер көрсетті.

Медальдар бойынша жалпы командалық есепте Қазақстанның студенттік құрама командасы 43 елдің ішінде 11-орынды иеленіп, 11 медаль (3 алтын, 4 күміс, 4 қола) жеңіп алды.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Өскеменде ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Өскеменде ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды