Қытай құрамасындағы қазақ қызы Азиада алтынын жеңіп алды

Арман Қайыпхан

  • 11.02.2025

Конькимен жүгіруден Қытай құрамасының мүшесі, Қытайда туып-өскен этникалық қазақ спортшы Ақнар Адаққызы Харбинде өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарының алтын медаль иегері болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол конькимен жүгіру спортындағы әйелдер арасындағы командалық жарыстың финалында Хань Мэй және Ян Биньюймен бірге Қытай командасының құрамында қатысып, қарсыластарынан озып шықты.

Қазақ қызы әйелдер арасында конькимен жүгіруден командалық із қуу жарысында чемпион атанып отыр. Қытай құрамасының нәтижесі – 3 минут 02.75 секунд.

Ал, Жапония және Оңтүстік Корея құрамалары күміс пен қола медальді өзара бөлісті.

Конькиші Ақнар Адақ бұған дейін 2019 жылғы Қытай біріншілігінің 5 000 метрлік жарысында – алтын, 3 000 метрде – күміс медаль алған. 

Сондай-ақ, халықаралық жарыстарға да қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. 2016 жылы Қытайдың ұлттық құрамасына қабылданған.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025

Өскеменде ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025
MalimBlocks