Қытайда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
10 күнге созылатын құрлықтық додада 200-ден астам спортшы жарыс жолына шығады

Қытайдың Цзяншань қаласында өтетін ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды.
Kaz.inform.kz таратқан ақпаратқа сенсек, 10 күнге созылатын құрлықтық додада 200-ден астам спортшы жарыс жолына шығады. Оның ішінде 112-і ерлер, 89-ы әйелдер арасында сынға түседі.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының агенттікке ұсынған мәліметінше, ел құрамасынан 10 мамырда Виктор Надворный (67 келі), Сергей Чуев (67 келі), 11 мамырда Петро Хребтов (74 келі), 12 мамырда Әлібек Рақымберді (81 келі), Асылжан Бектай (89 келі), Егор Шерер (89 келі) жүлделерді сарапқа салады.
Сондай-ақ 13 мамырда Арай Нұрлыбекова (71 келі), Аянат Жұмағали (76 келі), Виктория Новикова (81 келі), Сергей Петрович (96 келі), Кирилл Староверкин (96 келі), 14 мамырда Артем Антропов (102 келі), Ақерке Байманап (87 келі), 15 мамырда Любовь Ковальчук (87 келіден жоғары) сайысқа түседі.
Құрлықтық дода ерлер арасында 1971 жылдан басталса, 1988 жылдан бері құрлықтық додада әйелдер сайысқа түседі.
1998-2024 жылдар аралығында қазақстандық ауыр атлеттер барлығы 25 медаль алды. Оның ішінде 29-ы алтын, 47-і күміс, 101-і қола медаль.
Фото: sportbugin.kz