Сабырхан Төрехан өзбек боксшысын жеңіп, алтын иеленді

Қазақстандық боксшы Сабырхан Төрехан Thailand Open халықаралық турнирінің финалында өзбекстандық Мұхаммадазизбек Исмоиловты жеңді, деп хабарлайды Malim.kz
70 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Төрехан жекпе-жекті сенімді бастап, қарсыласына нақты және жедел соққылар жасады. Дегенмен төрешілер алғашқы раундты өзбек боксшысының пайдасына жазды.
Екінші раундта кездесу тең дәрежеде өтсе, соңғы кезеңде Төрехан тәжірибесін көрсетіп, 5:0 есебімен алтын жүлде иеленді.
Осылайша, төрт дүркін жастар арасындағы Азия чемпионы, әлем чемпионы атағына ие Сабырхан беделді турнирдің жеңімпазы атанды.
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Ең көп оқылған
