Сиыр жылы туған диктаторлар мен реформаторлар
Шығыс күнтізбесі бойынша 2021 жыл – сиыр жылы. 1388–1478 жылдары Әз-Жәнібек ханның заманында өмір сүрген атақты емші Өтебойдақ ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫ «сиыр жылы туғандар қаратұяғынан хал кеткенше айқасатын, қауқарлы-қауқарсыздығына қарамайтын әрі өздерін және жастарын аялауға құштарлығы басым, не жеңіп, не өліп тынатын адам» деп жазады Шипагерлік баян атты кітабында.
Malim.kz тілшісі сиыр жылы туған даңқты тұлғалар жайлы оқырмандарға ұсынуды жөн санады. 1889 (сиыр) жылы дүниеге Адольф ГИТЛЕР келген. Фашизмнің көсеміне айналған неміс қолбасшысы екінші дүниезүзілік соғыс өртін жаққандардың бірі. 1937 (сиыр) жылы тағы бір диктатор Саддам ХУСЕЙН туған. Ширек ғасыр билікте болған Ирак президенті Иранға соғыс ашып, Кувейтке әскер кіргізді. Көзі тірісінде ақшаға бейнесі бейнеленіп, Ирак қалаларында президент ескерткіштері салына бастады. Оның аты әуежай, көше, ғылыми орталықтар, көпір, стадион, аудан, әскери ракетаға дейін берілді. Құрылыстағы әр бір он кірпіштің біріне мемлекет басшысының қолы қойылып, БАҚ-ры тәулігіне 24 сағат Саддам Хусейнге мадақ айтумен болды. 2003 жылы АҚШ бастаған халықаралық коалиция Саддам Хусейн режімін құлатты. 1769 (сиыр) жылы атақты қолбасшы, император атанған Наполеон БОНАПАРТ өмір есігін ашты.
Кішігірім ақсүйектер әулетінен шыққан Напалеон Франция шекарасын кеңіткен қолбасшы ретінде тарихта қалды. Ол Бельгия, Голландиы, солтүстік Германия, Швейцария, Италияның солтүстік және орталық өңірлеріне және Балқан жарты аралына дейін иелік етті. Теңізде ағылшындармен соғысып, Ресей империясына қарсы жорықта Мәскеуді өртеп жіберді.
Сиыр жылы қолбасшы мен диктаторлар ғана өмірге келген жоқ. Маргарет ТЭТЧЕР, Джавахарлал НЕРУ сынды өз елінің сүйікті перзентіне айналған саясаткерлер де туған.
Күллі еуропада бірінші болып премьер-министр тағына жайғасқан Маргарет Тэтчер реформатор. Мемлекетін банкроттықтан сақтап қалып, либералдық идеяларды жандандырған, кәсіпкерлікке еркіндік сыйлаған саясаткер. Ұлыбританияны 1979 жылдан 1990 жылға дейін басқарды.
Джавахарлал Неру болса дәл осы Ұлыбританиядан азаттық алу жолында Үндістан болашағы үшін аянбай күрескен мемлекет қайраткері. Ұлт-азаттық күрес жолында лидерлердің бірі болып әлемге аты мәшһүр болған. Махатма ГАНДИДІҢ өзі Неруге құрметпен қараған.1947 жылы Джавахарлал Неру тәуелсіз Үндістанның тұңғып премьер-министрі атанады.
Тарих парақтарын ақтара берсең тізімді жалғастыра беруге де болады. Сиыр жылы туғандарға қатысты « /сиыр жылы туғандар/ ұстамды келеді. Туған туыстарының, өзінің қайғысына қатты күйзеліп, кімге болсын көмегін аямайды. Кейде бұл қылығы өзіне зиянын тигізеді. Адамдар бұлардың жақсылығын тез ұмытады, алайда қиыс басса, оған түсіністікпен қарайды» дегенде сөз бар.
Бастысы сиыр жылы тышқан жылы талай өмірді үзген COVID-19 инфекциясын мүйіздеп шығарып салсын деп тілейік.