Сметов желіде талқыға түскен әңгімесіне қатысты жауап берді
Спортшы өзінің дұға оқу арқылы қарсыластарымды қиындықсыз жеңгенін айтқан еді.

Таразда өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте дзюдошы аталған мәселеге қатысты сауалға жауап берді.
«Бұл жерде ешқандай жаман сөз айтылмаған секілді. Уағыз форматында да айтылған дүние емес. Бұл менің басымнан өткен жайт, сол әсерді өзгелермен бөлістім. Арнайы адамдарды жинап, уағыз айту деген мақсат болған жоқ. Жақындарымның арасында, қуанышымды бөлісу мақсатында, жеңіске қалай жеттім, соны жеткізу мақсатында айтылған дүние еді. Бірақ оның бәрі жаман тәрбиеге шақыратын сөздер деп ойламаймын. Өзгелердің шашын, қасын бояп, құлағын тесіп жүргеніне қарағанда, осындай әңгіменің көп болғаны, оның тарағаны дұрыс деп ойлаймын», - деді Елдос Сметов.
Бұған дейін спортшы жақындарының арасында болған әңгіме барысында «Олимпиадада дұғаның қабыл болғанын сезіндім. Қарсыластарым көзіме кішкентай болып көрінді» деген сөздері әлеуметтік желіде кеңінен талқыға түскен еді.
Айта кетейік, Елдос Сметов 27 шілде күні Париж Олимпиадасында 60 келіде чемпион атанды. Ол іріктеу кезеңдерінде Нидерланд, Украина балуандарын ұтса, ширек финалда әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Тайпей спортшысын жеңді. Ал жартылай финалда әлем чемпионы, испан балуанын қосымша уақытта қапыда қалдырды. Ал финала жергілікті балуан Лука Мхеидзені ұтып, төржылдықтың бас ойындарында топ жарды.
Фото: gettyimages.com
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат
Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны