Станислав Черчесов қазақстандық футболшылардың шетелдік клубтарда ойнауына атсалыспақ

Бас бапкер Зайнутдиновті ресейлік футболшымен салыстырды.

Сабина Асқарқызы

  • 06.06.2024

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Бахтиер Зайнутдиновке қатысты ойын бөлісті. Сонымен қатар ол өзге футболшылардың да шетел асуына көмектесетінін алға тартты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Бахтиерға қатысты бүгін де Түркияға екі рет хабарластым. Оған не болғанын білу керек. Түркияға да барып келемін. «Бешикташта» бірнеше рет болғанмын. Роман Нойштедтер ойнаған, сондықтан байланыс бар. Зайнутдинов секілді ойыншылар Қазақстанда саусақпен санарлық. Бірақ ол сирек ойнайды. Оның ойыны нашар болғандықтан емес, жарақаты болғандықтан да алаңға жиі шықпайды. Жарақаты неден екенін анықтау керек, мүмкін көмегім тиіп қалар. Өзімен де, «Бешикташ» басшылығымен де сөйлесемін. Мұндай деңгейдегі ойыншылар құрамаға керек, қол ұшын созып, байланыста болуымыз қажет.

Мұндай әмбабап ойыншысы бар бапкер бақытты. Айтпақшы, менде Ресей құрамасында Далер Кузяев осындай еді. Ол қай позицияда болсын сапалы ойнайтын. Сол себепті Зайнутдиновтің нақты қай жерде ойнайтынын айта алмаймын. Бастысы, командаға көмегін тигізуі қажет, - деді бас бапкер.

Черчесов Қазақстаннан екі ойыншының ғана шетелде өнер көрсетуі тым аз деп санайды.

Сондай-ақ футболшылардың шетелге кетуіне жағдай жасауымыз керек. Сол үшін жұмыс істейміз және барынша жарнамалауға тырысамыз. Шетелде тек ойыншының жүруі тым аз деп ойлаймын, - деді Станислав Саламұлы.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Байланысты жаналықтар

Қазақстанды ФИФА рейтингінде Қырғызстан мен Тәжікстан озды

03.04.2025

ФИФА басшысы Ресейді әлемдік футболға қайтарғысы келеді

03.04.2025

20 млн теңге жалақы алатыны мәлім болған соң Асхат Тағыберген «Ордабасыдан» кетті

29.03.2025

Еліміздегі 7 футбол клубы сатылымға шығарылмақ

28.03.2025

Қазақстан футболындағы дау: 3 млрд теңге қайда жұмсалды?

27.03.2025

Қазақстан 3 минутта екі гол соғып жеңіске жетті

26.03.2025
MalimBlocks
Қазақстанды ФИФА рейтингінде Қырғызстан мен Тәжікстан озды

ФИФА басшысы Ресейді әлемдік футболға қайтарғысы келеді

20 млн теңге жалақы алатыны мәлім болған соң Асхат Тағыберген «Ордабасыдан» кетті

Еліміздегі 7 футбол клубы сатылымға шығарылмақ

Қазақстан футболындағы дау: 3 млрд теңге қайда жұмсалды?

Бас прокуратура Қазақстан футболында бұрынғы федерация басшылығы кезінде жасалған бұзушылықтарды анықтады

Қазақстан 3 минутта екі гол соғып жеңіске жетті