457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Полиция "Қайрат" пен KuPS ойынына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

"Қайрат" – KuPS матчы кезінде қоғамдық тәртіпті 1,5 мың полиция қызметкері қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Malim.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі "Қайрат" (Алматы) және KuPS (Финляндия) командалары арасындағы матч барысында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шамамен 1,5 мың полиция қызметкері жұмылдырылады.

"Бұл матчқа көптеген жанкүйер жиналады деп күтілуде, осыған байланысты полицияның кешенді күштері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және көлік қозғалысын реттеу мәселелеріне ерекше назар аударылады", - деп хабарлады полиция.

Арнайы көлік құралдарының еркін қозғалысын қамтамасыз ету және көлік кептелістеріне жол бермеу мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынов, Мұқанов және Сәтпаев көшелерімен шектелген аумақта автокөлік қозғалысына ішінара шектеу қойылуы мүмкін.

Полиция тұрғындарды бағыттарын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынуға шақырады.

Фото: polisia.kz