«Странджа» турнирінде еліміздің төрт боксшысы жартылай финалына өтті

Арман Қайыпхан

  • 27.02.2025

Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасының төрт боксшысы жартылай финалға шықты. Сондай-ақ, тағы екі боксшы жарысты ары қарай жалғастыруға мүмкіндік алып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

48 келіде Теміртас Жүсіпов пен 51 келіде Даниал Сәбит, 63,5 келіде Ертуған Зейнуллин мен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жартылай финалға шыққаны белгілі болды.

Ширек финалда жұдырықтасқан Теміртас әзірбайжандық Субхан Мамедовті 4:1 есебімен жеңсе, Даниал Сәбит грузиялық Давит Джапаридзені 5:0 есебімен тізе бүктірді. Сондай-ақ, ол қарсыласын үшінші раундта бір рет нокдаунға түсірді.

Ертуған Зейнулин ширек финалда әзірбайжандық Руслан Рустамовты жеңіп, 4:1 есебімен өз шеберлігін көрсетті. Ал Мұхаммедсабыр ширек финалда ирландиялық Джейсон Невинге өзінің мықтылығын толық мойындатты. Бұл кездесуде төрешілер 5:0 есебімен жеңісті отандасымызға берді.

Бұдан бөлек, 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Сырымбетов болгар боксшысы Тинко Банабаковтан басым түсті. Басынан ауыр жарақат алған қарсыласы екінші раундта кездесуден бас тартқан.

Павлодарлық Серік Теміржанов (60 кг) турнир барысында ирландиялық боксшы Риз Оуэнстен айласын асырып, 5:0 ұпайымен келесі кезеңге жолдама алды.

Бұған дейін 48 келіде Санжар Тәшкенбай жарақатына байланысты бірінші кездесуде жекпе-жекті тоқтатқан болатын. Сондай-ақ, Махмұд Сабырхан (54 келі) дәрігер шешімімен Странджа халықаралық турнирі аясындағы бүгінгі жекпе жегіне шықпайтыны айтылды.

Фото: ҚБФ

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Өскеменде ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Өскеменде ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды