Тараздағы теракт жайлы деректі фильм түсіріледі

Malim Админ

  • 19.10.2021

Жамбыл облысы полиция департаментінің тапсырысымен «Тараздағы теракт» жайлы деректі фильм түсіріледі. Бұған бюджеттен 700 мың теңге бөлу қарастырылған.

«Бейнематериал  2011 жылғы 12 қарашада Жамбыл облысында  орын алған оқиғалар  салдарынан жеті адамның, оның ішінде құқық қорғау органдарының бес қызметкерінің өліміне әкеп соққан бірқатар аса ауыр қылмыстар және Халық Қаһарманы Ғ.Байтасов туралы болады», – деп түсіндірді полиция департаментінде.

 

Естеріңізге салайық, осыдан он жыл бұрын 34 жастағы Мақсат Қариев қару-жарақ дүкендерінің біріне қарақшылық шабуыл жасап, Тараз халқын дүрліктірді. Қылмыскердің қолынан құқық қорғау органдарының бес қызметкері мен жергілікті екі тұрғын қаза тапты.

Артынан Нұрсұлтан Назарбаев Қариевті ұстау кезінде  жанкештімен бірге жарылып кеткен капитан Ғазиз Байтасовқа Халық Қаһарманы атағын берді.

Прокуратура мәліметінше, Мақсат Қариев жихадшылар идеясын ұстанған

 

Авторы: Аделаида Ауеспекова

Байланысты жаналықтар

Азия ойындары. Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль алды

27.09.2023

Ресейлік спортшылар Қазақстан азаматтығын алуда

06.07.2023

Чемпион өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды

27.06.2023

Ең бай қазақ «Формула-1» компаниясын сатып алды

26.06.2023

Сарапшы: Винокуровтың Аstana Pro Team командасы мемлекеттен жыл сайын 5 млрд теңге алады

26.06.2023

Cарапшы:  Дзюдодағы жүйені  реттемей, жеңіске жетпейміз

15.06.2023
MalimBlocks
Азия ойындары. Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль алды

Біздің спортшылар Азия ойындарының рекордын орнатты

Ресейлік спортшылар Қазақстан азаматтығын алуда

Коньки тебуден Ресей құрамасының жаттықтырушысы екі спортшысымен Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірді

Чемпион өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды

Ауыр атлетикадан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Владимир Седов өзі тұратын Жетісу облысы Қаратал ауданындағы Достық ауылындағы үйінде өлі күйінде табылды.

Ең бай қазақ «Формула-1» компаниясын сатып алды

Байлығы 4,6 миллиард долларға бағаланатын ең бай қазақстандық Владимир Ким Hitech GP жарыс командасына иелік ететін Hitech Global Holding Limited компаниясының 25 пайыз акциясын сатып алды,- деп хабарлайды компания сайты.

Сарапшы: Винокуровтың Аstana Pro Team командасы мемлекеттен жыл сайын 5 млрд теңге алады

Команда 15 жылдан бері бюджеттен қаржыландырылады

Cарапшы:  Дзюдодағы жүйені  реттемей, жеңіске жетпейміз

Спорттық дәрігер, фармаколог, психолог  жоқ, кешенді топ қарастырылмаған