457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тоқаевтың немересі футбол ойнайды, ол - қақпашы

Мемлекет басшысы бұл туралы жас футболшылармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас футболшылармен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Балалар мемлекет басшысына өз арманын айтып берді. Олардың бірі Қазақстан құрамасына кіріп, футболдан әлем чемпионатын жеңіп алғысы келеді екен.

Президент өз кезегінде немересінің де осы спорт түрімен айналысатынын айтты.

«Менің немерем де футбол ойнайды. Ол – қақпашы!» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президентінің жалғыз ұлы – Тимур, оның тегі – Кемел. Ол суретші Бәтима Зауырбекованың қызы – Елданаға үйленген.

Фото: Ақорда