«Ұлы Дала мұрасы» – рухани жәдігерлерді насихаттау

  • 01.10.2021

Рухани жаңғыру неден басталады? Әлбетте, өткенге зер сала отырып, болашаққа ұмтылу арқылы. Өшкеніңді жағып, жоғалтқаныңды тауып, ұлттық рухыңды бекітіп, құндылықтарыңды тани алмай тұрып, келешекке сенімді адымдаймын деу мүмкін емес. Соңғы жылдары ұзақ уақы бойы бодандықта болған елдің сол замандағы бостандыққа, Тәуелсіздікке ұмтылуы, бабалар аманаты, аңсары туралы жиі айтып жүрміз. Өткенді ұмытпау деген де осы болса керек.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мұрындық болуымен «Ұлы дала мұрасы» атты пресс-тур өтті. Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына біраз мұраларды арнайы келушілерге көрсетті.

Әлбетте, аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы қорында сақталған мәдени мұраларды кеңінен насихаттау. Бұл жиынға Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, Президент баспасөзі қызметінің сарапшысы Ербол Алшынбай, тележурналист Зейін Әліпбек бастаған бірнеше қонақтар қатысты. Қонақтар көрмені таныстырушыларға сұрақтар қойып, арнайы сөз сөйлеп, әсерлері ерекше екенін айтып жатты.

Іс-шара барысында көрмеге қойылған көне қолжазбалар мен ескі кітаптар таныстырылып, аса құнды мұраларға реставрацияның қалай жасалатыны түсіндірілді. Мұндай көне мұраларды қайта қалпына келтіру үлкен ыждахаттылық пен ұқыптылықты қажет етеді. Өйткені, бұл түпнұсқа, бұл ескі уақыттың лебі есіп тұрған баға жеткісіз байлық. Орталықта 1920 жылы басылып шығарылған газеттер де ұсынылды. Одан кейін дөңгелек үстел ұйымдастырылып, көне кітаптарды жұртқа кеңінен насихаттаудың жолы туралы пікір алысты. Жалпы, жиын барысында көне мұраларды насихаттау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы кеңінен жүріп жатқаны айтылды.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды